03
ақпан
2026
№221 жалпы білім беретін мектебінде кафедра жетекшілерінің қатысуымен 18 ақпанда өтетін «Жас өнертапқыш – жарқын келешек» инновациялық жобалар байқауына арналған жиналыс өткізілді.
№221 жалпы білім беретін мектебінде кафедра жетекшілерінің қатысуымен 18 ақпанда өтетін «Жас өнертапқыш – жарқын келешек» инновациялық жобалар байқауына арналған жиналыс өткізілді.
Жиын барысында байқаудың негізгі мақсаты – оқушылардың техникалық шығармашылығын дамыту, инженерлік дағдыларын қалыптастыру және үздік инновациялық идеяларды қолдау екені атап өтілді. Сонымен қатар байқаудың 6 бағыт бойынша өтетіні талқыланып, әр бағыттың талаптары түсіндірілді.
🔹 «Болашақтың көлігі»
🔹 «Ақылды қала және сәулет»
🔹 «Агро-Инновация»
🔹 «Эко-Энергия және баламалы көздер»
🔹 «Робототехника және IT»
🔹 «Үздік техникалық дизайн»
Кафедра жетекшілеріне оқушыларды байқауға белсенді қатыстыру, жобалық жұмыстарды бағыттар бойынша ұйымдастыру және қатысушыларға әдістемелік қолдау көрсету жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
✨ Жас өнертапқыштарға сәттілік, тың идеялар мен жарқын жобалар күтеміз!