Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Балгабаева Куралай Габдылқызы – директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
1981 жылы 15 мамырда Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданында дүниеге келген.
1998 жылы Тарбағатай ауданының Ш. Уәлиханов атындағы орта мектебін тәмамдаған. Сол жылы Семей қаласындағы «Қайнар» университетінің «Ақпараттық жүйелер» факультетіне оқуға түсіп, 2002 жылы «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша бітірген.
2002–2005 жылдары Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Физика және информатика» факультетінде «Физика және информатика пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша білім алған.
Еңбек жолын 2002 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы Т. Рысқұлов атындағы орта мектебінде информатика пәнінің мұғалімі ретінде бастаған. Осы уақыттан бері тек білім беру саласында үздіксіз еңбек етіп келеді. Жалпы еңбек өтілі – 23 жыл, оның ішінде басқарушылық қызметтегі еңбек өтілі – 7 жыл. №174 мектеп-гимназиядағы еңбек өтілі – 8 жыл.
Куралай Габдылқызы – жоғары білімді, өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, тәжірибелі басшы. Оқу-тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастырып, білім сапасын арттыру бағытында нәтижелі жұмыстар атқарып келеді. Ол Алматы қаласы білім басқармасының және Наурызбай аудандық білім бөлімінің мақтау қағаздарымен марапатталған.
Кәсіби даму мен үздіксіз білім жетілдіру мақсатында төмендегі курстардан өткен:
2021 ж. – «Білім берудегі менеджмент» бағдарламасы бойынша 80 сағаттық курс;
2023 ж. – «5–9 сыныптардағы информатика пәнінің күрделі тақырыптары бойынша пән мұғалімдерінің құзыреттілігін дамыту» атты 80 сағаттық курс;
2024 ж. – ICT and AI in Teaching and Learning (National Institute of Education, Nanyang Technological University, Сингапур);
2024 ж. – Professional Development Course for Teachers of Natural Sciences and Mathematics (Almaty Development Program until 2025);
2025 ж. – «Алматы білім беру жүйесі үшін үздік тәжірибелерді бейімдеу және тәжірибе алмасу мақсатында Оңтүстік Кореяда өткен халықаралық тағылымдамадан кейінгі 80 сағаттық каскадты оқыту курсы»;
2025 ж. – «Оқу үдерісі және ЖИ: генеративті модельдер мен промт-инжиниринг өнері» атты онлайн курс.
Куралай Габдылқызының еңбегі мемлекеттік және қалалық деңгейде лайықты бағаланып келеді:
2020 ж. – ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие берудегі үлесі үшін» Құрмет грамотасы (Нұр-Сұлтан қаласы);
2024 ж. – Алматы қаласы білім басқармасы мен «ҚББЖТҒӘО»-ның «Киберпедагог және оқу процесінің заманауи цифрлық өнімдері» қалалық семинар-практикумында көрсеткен жоғары кәсіби шеберлігі үшін Құрмет грамотасы;
2024 ж. – «Директор кубогы – 2024» «SCHOOL TECH CUP-I» қалалық спартакиадасының жоғары деңгейде өтуіне белсене атсалысқаны үшін Құрмет грамотасы;
2023 ж. – «Біздің “ЖОҚ” дегеніміз маңызды!» қалалық әлеуметтік бастамалар жобасы аясында «Виртуалды шындықтың пайдасы мен зияны» мақаласы әдістемелік ұсынымдарда жарияланды;
2024 ж. – №6 сараптамалық кеңестің шешімімен 10-сынып оқушыларына арналған «Информатика сабағында заманауи ақпараттық технологиялар» элективті курсы бекітілді (Куәлік №500;
2024 ж. – Сингапур мемлекетінде тағылымдамадан өтті. Оның оқушылары аудандық, қалалық және республикалық деңгейдегі жарыстар мен олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болып жүр.
Балгабаева Куралай Габдылқызы – ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, өз ісіне адал, адамгершілігі мол, жаңашыл идеяларды іске асыра алатын білікті басшы. Ол үлкенмен де, кішімен де тез тіл табысып, ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыра біледі. Әріптестері арасында беделді, сыйлы тұлға. Өзінің бай тәжірибесі мен кәсіби шеберлігін жас мамандармен бөлісіп, тәлімгерлік қызмет атқарып келеді. Қызмет барысында білім мен біліктілігін тиімді ұштастырып, оқу ісінің сапалы жүзеге асуына үлкен үлес қосуда. Балгабаева Куралай Габдылқызы – жоғары кәсіби деңгейі бар, тәжірибелі, заманауи талаптарға сай ойлайтын, өз ісіне адал директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары. Білім беру жүйесінің дамуына және ұжымдық бірліктің нығаюына зор үлес қосып келе жатқан ұлағатты педагог әрі шебер ұйымдастырушы.