Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Каналбеков Қабылет Қасымбекұлы –директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. 1994 жылы 03 қазанда Қызылорда облысы,Қармақшы ауданында дүниеге келген.
2010-2014 жылдары аралығында М.Маметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің «математика пәнінің мұғалімі».
2020-2023 жылы Қызылорда Ашық университетінде «математика пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2014 жылы қараша айынан бастап Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жаңажол ауылының орта мектебінде математика пәнінің мұғалімі ретінде бастаған. Осы уақыттан бері тек білім беру саласында үздіксіз еңбек етіп келеді. Жалпы еңбек өтілі – 10 жыл. Соңғы 5 жылда Алматы облысы Қарасай ауданы Іргелі ауылында орналасқан «Л.Н.Толстой атындағы аралас-орта мектепте» математика пәнінің мұғалімі.
Каналбеков Қабылет Қасымбекұлы – жоғары білімді, өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, тәжірибелі маман. Тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастырып, білім сапасын арттыру бағытында нәтижелі жұмыстар атқарып келеді.
Кәсіби даму мен үздіксіз білім жетілдіру мақсатында төмендегі курстардан өткен:
Сертификат. Алматы қ.80 сағат18.08.2023ж
Каналбеков Қабылет Қасымбекұлы - ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, өз ісіне адал, адамгершілігі мол, жаңашыл идеяларды іске асыра алатын білікті басшы. Ол үлкенмен де, кішімен де тез тіл табысып, ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыра біледі. Әріптестері арасында беделді, сыйлы тұлға. Өзінің бай тәжірибесі мен кәсіби шеберлігін жас мамандармен бөлісіп, тәлімгерлік қызмет атқарып келеді. Қызмет барысында білім мен біліктілігін тиімді ұштастырып, оқу ісінің сапалы жүзеге асуына үлкен үлес қосуда.
Каналбеков Қабылет Қасымбекұлы – жоғары кәсіби деңгейі бар, тәжірибелі, заманауи талаптарға сай ойлайтын, өз ісіне адал директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары. Білім беру жүйесінің дамуына және ұжымдық бірліктің нығаюына зор үлес қосып келе жатқан ұлағатты педагог әрі шебер ұйымдастырушы.