Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары » «№221 жалпы білім беретін мектеп»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№221 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(707) 502-71-46
Ұялы телефон:
+7(707) 502-71-46
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
03
қараша
2025

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

№221 жалпы білім беретін мектеп ұжымы Оразбаева Жазира Алтаевнаны директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметіне ұсынады.

Оразбаева Жазира Алтаевна 1988 жылы 25 тамызда Алматы облысы, Балқаш ауданы, Жеттоғара ауылында дүниеге келген. Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық Университетін география пәні мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдаған. Педагогикалық өтілі – 14 жыл. Педагогикалық шеберлігі: «педагог-зерттеуші». «Бірінші санатты басшының орынбасары» біліктілік санатты.

Оразбаева Жазира Алтаевна еңбек жолын 2011–2017 жылдары №176 мектеп-гимназиясында география пәнінің мұғалімі қызметінен бастаған. 2017 жылдан бастап Алматы қаласы Наурызбай ауданы №174 мектеп-гимназиясында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып қызметін жалғастыруда.

2018 жылы «Құмет грамотасы» Алматы қаласы, Наурызбай ауданы №174 мектеп-гимназиясының дамуына қосқан кәсіби жетістігі үшін марапатталған.

2024 жыл Сертификат “Тәрбие жұмысының менеджменті”.

2024 жыл Сертификат “Білім алушылардың рефлективті ойлауға үйрету”(80 сағ) 

2024 жылы “Балдаурен” Республикалық оқу сауықтыру орталығының базасында өткен республикалық семинарға қатысқан.

2025 жыл Сертификат “Стратегиялық менеджмент-табысты басқару жүйесі”

2025 жыл Сертификат “Программе по обмену педагогическим опытом” в НОУ “LIDER BOLALAR MAKTABI городе Ташкенте.

Алматы қаласы Білім басқармасының 2025 жылғы 21 маусымдағы кеңейтілген кеңсенің хаттамалық тапсырмасына сәйкес, Алматы Білім басқармасына қарасты мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие процесіне мониторинг тобына қосылысын.

Жазира Алтаевна директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалғаннан бастап, құжаттарды және мектепішілік педагогикалық ортаны жаңа талаптарға сай ұйымдастырып, жоспарлы түрде нәтижеге бағытталған қызмет атқаруда. Тәрбие жұмыстарындағы ашықтық, әлеуметтік желі, мектеп сайттарында орналастырылғанын көруге болады. Жазира Алтаевна терең білімді, қарапайым, салмақты, ұйымдастырушылық қабілеті мен ойлау жылдам, жаңа технологияны меңгерген шебер. Педагогтармен қарым-қатынасы жақсы, тіл табысқыш, педагогикалық этиканы сақтайды. Өмірге қарапайым, моральдық жағынан ұстамды. Жұмыс барысында біліктілік, табандылық пен бастамашылық таныта алатын көкірегі ояу, өз ісіне асқан жауапкершілікпен қарайтын маман.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив