Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Ыбраймова Мадина Акимбековна–директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. 1971 жылы 12 желтоқсанда Алматы облысында дүниеге келген.
2000-2004 жылдары аралығында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының «Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1997 жылы Алматы облысы Кеген ауданы Қарабұлақ ауылының Қарабұлақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі ретінде бастаған. Осы уақыттан бері тек білім беру саласында үздіксіз еңбек етіп келеді. Жалпы еңбек өтілі – 25 жыл. №174 мектеп-гимназиядағы еңбек өтілі – 9 жыл.
Ыбраймова Мадина Акимбековна – жоғары білімді, өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, тәжірибелі басшы. Оқу-тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастырып, білім сапасын арттыру бағытында нәтижелі жұмыстар атқарып келеді. Ол Алматы қаласы білім басқармасының және Наурызбай аудандық білім бөлімінің мақтау қағаздарымен марапатталған.
Кәсіби даму мен үздіксіз білім жетілдіру мақсатында төмендегі курстардан өткен:
Сертификат. Алматы қ.80 сағат18.08.2021ж
Сертикат.ПШО Талдықорған қ.416 сағат 2016ж.
Құрмет грамотасы «ҚБББЖТҒӘО» 2022ж
Құрметм грамотасы Алматы ББ 2022ж.
Ыбраймова Мадина Акимбековнаның оқушылары аудандық, қалалық және республикалық деңгейдегі жарыстар мен олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болып жүр.
Ыбраймова Мадина Акимбековна - ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, өз ісіне адал, адамгершілігі мол, жаңашыл идеяларды іске асыра алатын білікті басшы. Ол үлкенмен де, кішімен де тез тіл табысып, ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыра біледі. Әріптестері арасында беделді, сыйлы тұлға. Өзінің бай тәжірибесі мен кәсіби шеберлігін жас мамандармен бөлісіп, тәлімгерлік қызмет атқарып келеді. Қызмет барысында білім мен біліктілігін тиімді ұштастырып, оқу ісінің сапалы жүзеге асуына үлкен үлес қосуда.
Ыбраймова Мадина Акимбековна – жоғары кәсіби деңгейі бар, тәжірибелі, заманауи талаптарға сай ойлайтын, өз ісіне адал директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары. Білім беру жүйесінің дамуына және ұжымдық бірліктің нығаюына зор үлес қосып келе жатқан ұлағатты педагог әрі шебер ұйымдастырушы.