03
қараша
2025
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Калмырзаева Газиза Бакытжановна– директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. 1989 жылы 08 ақпанда Жамбыл облысы, Меркі ауданында дүниеге келген.
2005 жылы Меркі ауданының №21 Победа атындағы орта мектебін тәмамдаған. Сол жылы Алматы қаласы №2 АГГПК колледжіне «Бастауыш сыныпта оқыту» мамандығына оқуға түсіп, 2009 жылы «Бастауыш сынып мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген.
2016-2019 жылдары Шымкент қаласы Silkway Халықаралық университетінің «Бастауышты оқыту педагогикасы мен әдістемесі» факультетінде «Бастауышты оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша білім алған.
Еңбек жолын 2009 жылы Жамбыл облысы Меркі ауданы №3 орта мектебінде бастауыш пәнінің мұғалімі ретінде бастаған. Осы уақыттан бері тек білім беру саласында үздіксіз еңбек етіп келеді. Жалпы еңбек өтілі – 16 жыл. №174 мектеп-гимназиядағы еңбек өтілі – 7 жыл.
Калмырзаева Газиза – жоғары білімді, өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, тәжірибелі басшы. Оқу-тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастырып, білім сапасын арттыру бағытында нәтижелі жұмыстар атқарып келеді. Ол Алматы қаласы білім басқармасының және Наурызбай аудандық білім бөлімінің мақтау қағаздарымен марапатталған.
Кәсіби даму мен үздіксіз білім жетілдіру мақсатында төмендегі курстардан өткен:
2023 ж. – «Идеал мұғалім» Daryn.online атты 80 сағаттық курс;
2025 ж. – «Білім берудегі шахмат» 80 сағат Қазақстан шахмат федерациясы
2025 ж. – «Инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс істеу үшін педгогтердің кәсіби құзіреттіліктерін дамыту» Smart wave
2025 ж. – «Жасанды интеллект: генеративті модельдер мен промт-инженеринг өнері» Өрлеу 80 сағат
2025ж- «Жаңартылған білім беру аясында бастауыш пәнін ұйымдастырудың заманауи тәсілдері» 80 сағат. Білім беру ақпараттық жаңашыл технологиялардың ғылыми-зертеу орталығы.
«Қазақстан Шахмат Федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің «Білім берудегі шахмат» республикалық жоба аясында «1-сыныпта шахматты оқыту әдістемесі» бойынша тренер болды.
Калмырзаева Газизаның оқушылары аудандық, қалалық және республикалық деңгейдегі жарыстар мен олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болып жүр.
Калмырзаева Газиза– ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, өз ісіне адал, адамгершілігі мол, жаңашыл идеяларды іске асыра алатын білікті басшы. Ол үлкенмен де, кішімен де тез тіл табысып, ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыра біледі. Әріптестері арасында беделді, сыйлы тұлға. Өзінің бай тәжірибесі мен кәсіби шеберлігін жас мамандармен бөлісіп, тәлімгерлік қызмет атқарып келеді. Қызмет барысында білім мен біліктілігін тиімді ұштастырып, оқу ісінің сапалы жүзеге асуына үлкен үлес қосуда. Калмырзаева Газиза– жоғары кәсіби деңгейі бар, тәжірибелі, заманауи талаптарға сай ойлайтын, өз ісіне адал директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары. Білім беру жүйесінің дамуына және ұжымдық бірліктің нығаюына зор үлес қосып келе жатқан ұлағатты педагог әрі шебер ұйымдастырушы.