Мұғалімдер жетістіктері » «№221 жалпы білім беретін мектеп»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№221 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(707) 502-71-46
Ұялы телефон:
+7(707) 502-71-46
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Таза Қазақстан—таза қала".
05
сәуір
2026
"Таза Қазақстан—таза қала".
"Таза Қазақстан—таза қала". Мектебімізде сүйікті қаламыздың тазалығы үшін 221 мектеп ұстаздары үлес қосу мақсатында сенбілік жұмыстары жүргізілді. Табиғатты аялау, оны таза ұстап, қорғай білу әр қазақстан азаматының парызы!
✨ Алаш идеясы – ұлттық рухтың темірқазығы!
13
наурыз
2026
✨ Алаш идеясы – ұлттық рухтың темірқазығы!
✨ Алаш идеясы – ұлттық рухтың темірқазығы! Бүгін Наурызбай ауданында білім мен тағылым тоғысқан ерекше рухани байқау өтті. Наурызбай аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақ тілі мен әдебиеті және тарих пәні мұғалімдері арасында «Алаш идеясы – ұлттық идея темірқазығы» байқауының аудандық кезеңі өткізілді. Ұлт зиялыларының мұрасын ұлықтаған 10 жұп Алаш қайраткерлерінің шығармаларын жаңа қырынан талдады. Қазылар алқасының құрамында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың аға оқытушылары, филология және
Эстетика пәндер бірлестігінің он күндігі аясында мектебімізде “Қош келдің,көктем!”тақырыбында мұғалімдерге арналған арт-терапия ұйымдастырылды. 🎨✨
12
наурыз
2026
Эстетика пәндер бірлестігінің он күндігі аясында мектебімізде “Қош
Эстетика пәндер бірлестігінің он күндігі аясында мектебімізде “Қош келдің,көктем!”тақырыбында мұғалімдерге арналған арт-терапия ұйымдастырылды. 🎨✨ Шара барысында әріптестеріміз шығармашылық жұмыстар орындап, жағымды эмоцияларға бөленді. Арт-терапия арқылы қатысушылар бір сәт күнделікті қарбаластан алыстап, өз ойлары мен сезімдерін шығармашылық арқылы жеткізе алды. Жылы атмосферада өткен бұл кездесу барша қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй мен ерекше әсер сыйлады.
Наурызбай ауданында 12.03.26ж білім беру ұйымдарының тарих және қазақ тілі мен әдебиеті пәндері педагогтері арасында өткен “Алаш идеясы-ұлттық идея темірқазығы” байқауы
12
наурыз
2026
Наурызбай ауданында 12.03.26ж білім беру ұйымдарының тарих және қазақ
Наурызбай ауданында 12.03.26ж білім беру ұйымдарының тарих және қазақ тілі мен әдебиеті пәндері педагогтері арасында өткен “Алаш идеясы-ұлттық идея темірқазығы” байқауының аудандық кезеңінде №221ЖББМ ұстаздары Құтымбек Самат және Тұрсын Ерасыл Қалмұратұлы бас жүлде иеленді. Ұстаздарымыздың мерейі үстем болсын!
Алимбатыр Алтынай Наурызбай ауданы №221 жалпы білім беретін мектептің тәлімгері
11
наурыз
2026
Алимбатыр Алтынай Наурызбай ауданы №221 жалпы білім беретін мектептің
Алимбатыр Алтынай Наурызбай ауданы №221 жалпы білім беретін мектептің тәлімгері”Дарынды балаларға - талантты ұстаз” республикалық педагогикалық олимпиаданың РЕСПУБЛИКАЛЫҚ кезеңінде ІІІ дәрежелі диплом иегері атанды. Шығармашылық табыс, толағай жетістіктер тілейміз!
Болашаққа бастар көпір — бастауыш білімдегі STEM! 🌉💻
04
наурыз
2026
Болашаққа бастар көпір — бастауыш білімдегі STEM! 🌉💻
Болашаққа бастар көпір — бастауыш білімдегі STEM! 🌉💻 Бүгін №221 мектепте «Болашаққа бастар көпір — бастауыш білімдегі STEM» тақырыбында қалалық семинар өтті. 🎓 📍 Семинарға қала және аудан мұғалімдері қатысып, заманауи білім беру трендтерімен танысты. Іс-шараның негізгі сәттері: 🔹 Бастауыш сынып оқушылары өздерінің зерттеу жұмыстарын ұсынып, түрлі модельдер құрастырды; 🔹 Тәжірибе жасау арқылы ғылымға деген қызығушылықтарын көрсетті; 🔹 Мұғалімдер сабақ үдерісіндегі ең тиімді әдіс-тәсілдерімен
Бүгін мектебімізде бастауыш сыныптар бойынша қалалық семинар өтті.
04
наурыз
2026
Бүгін мектебімізде бастауыш сыныптар бойынша қалалық семинар өтті.
Бүгін мектебімізде бастауыш сыныптар бойынша қалалық семинар өтті. Семинарда «Төрт мезгіл – төрт зертхана” STEM маусымдық зерттеулер өтілді. 4-сынып оқушылары өз жобаларын қорғады. Бұл жоба жұмыстары оқушылардың зерттеушілік қабілетін дамытып, табиғат құбылыстарын ғылыми тұрғыда түсіндіруге бағытталды. Оқушылар жыл мезгілдеріне байланысты түрлі макеттер дайындап, әр маусымның ерекшеліктерін көрсетті. Қыс, көктем, жаз, күз мезгілдерінің табиғи құбылыстарымен тәжірибе арқылы түсіндірілді. Әр топ
04.03 2026 ж. № 221 ЖББМ-де «Болашаққа бастар көпір бастауыш білімдегі STEM» тақырыбында қалалық семинар өтті.
04
наурыз
2026
04.03 2026 ж. № 221 ЖББМ-де «Болашаққа бастар көпір бастауыш
04.03 2026 ж. № 221 ЖББМ-де «Болашаққа бастар көпір бастауыш білімдегі STEM» тақырыбында қалалық семинар өтті. Семинарға қала және ауданының директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары мен бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Іс-шара барысында заманауи білім беру үдерісімен танысып, бастауыш сынып оқушылары зерттеу жұмыстарын жүргізіп, тәжірибе жасап модельдер құрастырып, жобаларын қорғады. Мұғалімдер сабақ үдерісінде тиімді әдіс-тәсілдермен бөлісті.
Бүгін магистрлер қауымдастығының ұйымдастыруымен №221 жалпы білім беретін мектепте «XXI ғасырдағы ұлттық сана және білім беру: заманауи педагогтің көзқарасы» тақырыбында педагогикалық оқулар байқауының мектепішілік кезеңі өтті.
14
қаңтар
2026
Бүгін магистрлер қауымдастығының ұйымдастыруымен №221 жалпы білім
Бүгін магистрлер қауымдастығының ұйымдастыруымен №221 жалпы білім беретін мектепте «XXI ғасырдағы ұлттық сана және білім беру: заманауи педагогтің көзқарасы» тақырыбында педагогикалық оқулар байқауының мектепішілік кезеңі өтті. Байқауда бақ сынаған мектеп ұстаздары өздерінің шығармашылық ізденістерін, жаңашыл идеялар мен тәжірибелерін ортаға салды. Қазылық жасаған облыстық магистрлер ассоциациясының мүшелері, педагог-зерттеуші ұстаздар - ағылшын тілі мұғалімі Каржаубаев Мейрамбек Сейтович,
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫ ұйымдастырған Білім беру ұйымдарының бастауыш сынып мұғалімдері арасында өткен “Абыройлы ұстаз - ұстаздық еткен жалықпас
12
желтоқсан
2025
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАҢА
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫ ұйымдастырған Білім беру ұйымдарының бастауыш сынып мұғалімдері арасында өткен “Абыройлы ұстаз - ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға” атты қалалық байқауында Наурызбай ауданы № 221 ЖББ мектептің бастауыш сынып мұғалімі Тастанкулова Жазира Нурболатовна 1 орын иеленді. Әріптесімізді жеңісімен құттықтап, шығармашылық табыстар мен биік жетістіктер тілейміз.