Тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі (бракераждық) комиссияның мониторинг жүзеге асыруы бойынша АНЫҚТАМА » «№221 жалпы білім беретін мектеп»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№221 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(707) 502-71-46
Ұялы телефон:
+7(707) 502-71-46
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі (бракераждық) комиссияның мониторинг жүзеге асыруы бойынша АНЫҚТАМА
12
қаңтар
2026

Тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі (бракераждық) комиссияның мониторинг жүзеге асыруы бойынша АНЫҚТАМА




2026 жылдың 12 қаңтарында №221 жалпы білім беретін мектептің тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі бракераждық комиссия (бұдан әрі – комиссия) мектеп асханасының санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес қызмет етуіне жоспарлы мониторинг жүргізді.

Мониторинг барысында төмендегі бағыттар бойынша тексеру жұмыстары жүзеге асырылды:
    1.    Білім алушылардың тамақтануы үшін қолайлы жағдайлардың жасалуы, атап айтқанда раковиналардың, қол кептіргіштердің болуы, тазалық жағдайы және сабынмен қамтамасыз етілуі;    
2.    Тамақтану залының санитарлық жағдайы, тазалығы және эстетикалық безендірілуі;    
3.    Білім алушылардың ауыз су режимінің сақталуы;   
 4.    Дайын тағамдардың шығу нормалары, күнделікті бекітілген мәзірге сәйкестігі және порция өлшемдерінің сақталуы;   
 5.    Тоңазытқыш жабдықтарында температуралық режимнің санитарлық талаптарға сай сақталуы;  
  6.    Ас блогы қызметкерлерінің жеке іс қағаздары мен медициналық кітапшаларының болуы және уақтылы тексеруден өтуі.
Тексеру нәтижесінде мектеп асханасының санитарлық нормаларға толық сәйкес екені анықталды. Асхана заманауи талаптарға сай жабдықталған, қажетті техникалық құралдармен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар асханада «Дұрыс тамақтану» бұрышы безендіріліп, оқушыларға пайдалы ақпараттар ұсынылған.

Мектеп асханасындағы азық-түліктердің сапасы мен дайын тағамдардың дәмдік сапасын бақылау мақсатында бракераж комиссиясы тұрақты түрде жұмыс атқарады. Комиссия мүшелері азық-түліктерді қабылдау кезінде олардың сапасын, жарамдылық мерзімін және санитарлық талаптарға сәйкестігін тексеріп қабылдайды. Тексеру барысында асханадағы барлық азық-түліктердің сақталу мерзімін растайтын тиісті сертификаттарының бар екені анықталды.

Мектепте тамақтандыру бойынша күнделікті мәзір бекітіліп, білім алушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес тағам мөлшері нормаларға сай берілуде. Оқушылар белгіленген уақыт кестесіне сәйкес ұйымдасқан түрде тамақтанып отыр. Асханада мектеп әкімшілігі мен мұғалімдер тарапынан кезекшілік ұйымдастырылған.

Ас блогы мен асхана аумағында тазалық сақталған, санитарлық-гигиеналық талаптар толық орындалуда. Күнделікті бекітілген мәзір мектептің ресми сайтына уақытылы жарияланып отырады.

Қорытынды: жүргізілген мониторинг нәтижесінде мектеп асханасының жұмысы санитарлық талаптарға сай, тамақтандыру үдерісі талап деңгейінде ұйымдастырылған деп бағаланды.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив