05
қаңтар
2026
Жаңа 2026 жылдың алғашқы жұмыс аптасының бірінші күнінен бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы фракциясының депутаттары өңірлерге жұмыс сапарларын бастады.
Жаңа 2026 жылдың алғашқы жұмыс аптасының бірінші күнінен бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы фракциясының депутаттары өңірлерге жұмыс сапарларын бастады.
Осы сапар аясында Мәжіліс депутаты Айгүл Құспан Алматы қаласындағы бірқатар әлеуметтік маңызы бар және стратегиялық нысандарды аралады. Мәжіліс депутаты «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында 2025 жылдың қазан айында ашылған №221 жайлы мектептің құрылыс нәтижелерімен танысты.
Мектеп 2 500 орынға есептелген, бүгінде мұнда 2 000-нан астам оқушы білім алуда. 🏫 Білім ордасында оқу процесі үшін барлық қажетті жағдай жасалған: 125 оқу кабинеті, STEM және робототехника бағытындағы сыныптар, жоғары жылдамдықты интернет, төрт спорт залы және акт залы жұмыс істейді. Мектепте барлығы 179 қызметкер еңбек етеді. 🤍
Сапар барысында инклюзивті білім беру мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. Мектепте ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін қолайлы жағдай жасалған, арнайы педагогтар, логопедтер, психологтар және педагог-ассистенттер жұмыс істейді.