24
қазан
2025
Бүгін Республика күні қарсаңында Алматы қаласы Наурызбай ауданында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 2500 білім алушыға арналған №221 ЖББМ ашылды!
Бүгін Республика күні қарсаңында Алматы қаласы Наурызбай ауданында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 2500 білім алушыға арналған №221 ЖББМ ашылды! Білім ордасының ашылу жиынына Наурызбай ауданының әкімі Тоғызбаева Назира Асылбекқызы, «AMANAT» партиясының Алматы қаласындағы Наурызбай аудандық филиалының атқарушы хатшысы Жамбылов Баймұрат Мұратханович, Наурызбай аудандық білім бөлімінің м.а Бубекбаева Шолпан Нүсіпжанқызы, Бас мердігер ТОО BCN group құрылыс компаниясының басшысы Рахматуллаев Руслан Ергешбекович
қатысып, жаңа мектептің кілтін салтанатты түрде табыстады. Бұл күн мектеп шежіресінде тарихи күн болып қалмақ.
«Келешек мектептері» – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған ұлттық ауқымдағы жоба. №221 ЖББМ балаларға қазіргі заман талабына сай жағдайда тегін, сапалы білім беруді мақсат етеді. Ұлт болашағына жайлы мектепті салып берген ТОО BCN group құрылыс компаниясына алғысымызды білдіреміз!
№221 мектеп – жаңа өзгерістердің бастауы, болашаққа жасалған нық қадам. Жаңа білім ордасында ұстаздар мен білім алушыларды тың идеялар, креативті жобалар мен жаңа мүмкіндіктер күтіп тұр, жаңа бастамаға шығармашылық шабыт, биік белестер мен жетістіктер тілейміз!