25
қыркүйек
2025
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ НАУЫРЫЗБАЙ АУДАНЫНДА "КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ" ЖОБАСЫНДА №221 МЕКТЕП ЖББМ
№221 ЖББМ балаларға қазіргі заман талабына сай жағдайда тегін, сапалы білім беруді мақсат етеді. Жаңа мектепте Робототехника кабинеттері, STEM-зертханасы, хореография залы мен коворкинг алаңы, жаңа форматтағы кітапхана, 4 спорт залы, алғашқы әскери дайындыққа арналған алаң оқушылардың шығармашылық қабілетін шыңдауға, бойындағы таланты мен мүмкіндігін ашуға арналған. Сондай-ақ IT технологиялары мен ағаш өңдеу, тігін үйірмелері – яғни, ерте кәсіптік бағдар беретін мүмкіндіктер қарастырылған. Оқу орны – 2500 балаға есептелген.
Білім ордасы мектептің материалды-техникалық базасын жақсартып қана қоймай, балалардың шығармашылық және зияткерлік қабілетін ұштайтын кеңістік қалыптастыруды көздейді. Білім – ұлттың іргетасы. Ал келешек мектеп – сол іргетасты мығым ететін берік негіз! Жаңа білім – жаңа мүмкіндіктің жарқын жолы!
Жаңа мектепте жарқын болашаққа қадам жаса!