Алматы қаласы Наурызбай ауданында «Келешек мектептері» жобасы негізінде салынған №221 ЖББМ ашылуға дайын! » «№221 жалпы білім беретін мектеп»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№221 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(707) 502-71-46
Ұялы телефон:
+7(707) 502-71-46
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Алматы қаласы Наурызбай ауданында «Келешек мектептері» жобасы негізінде салынған №221 ЖББМ ашылуға дайын!
24
қазан
2025

Алматы қаласы Наурызбай ауданында «Келешек мектептері» жобасы негізінде салынған №221 ЖББМ ашылуға дайын!


Алматы қаласы Наурызбай ауданында «Келешек мектептері» жобасы негізінде салынған №221 ЖББМ ашылуға дайын!

«Келешек мектептері» – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған ұлттық ауқымдағы жоба.

№221 ЖББМ балаларға қазіргі заман талабына сай жағдайда тегін, сапалы білім беруді мақсат етеді. Жаңа мектепте Робототехника кабинеттері, STEM-зертханасы, хореография залы мен коворкинг алаңы, жаңа форматтағы кітапхана, 4 спорт залы, алғашқы әскери дайындыққа арналған алаң оқушылардың шығармашылық қабілетін шыңдауға, бойындағы таланты мен мүмкіндігін ашуға арналған. Сондай-ақ IT технологиялары мен ағаш өңдеу, тігін үйірмелері – яғни, ерте кәсіптік бағдар беретін мүмкіндіктер қарастырылған. Оқу орны – 2500 балаға есептелген.
Білім ордасы мектептің материалды-техникалық базасын жақсартып қана қоймай, балалардың шығармашылық және зияткерлік қабілетін ұштайтын кеңістік қалыптастыруды көздейді.

№221 ЖББМ – оқушы мен мұғалім баруға асығатын ыңғайлы әрі жайлы ортаға айналады. Заманауи үлгіде салынған, қауіпсіз, эргономикалық кеңістігі бар мектеп. Өйткені эргономикалық кеңістіктер буллинг секілді мектептерде кең тараған теріс қылықпен күресуді де ескереді. «Келешек мектептері» бірінші кезекте оқушыға да, мұғалімге де жаңа заманға сай жағдай ұсынады..

«Келешек мектептері» – болашаққа бастар жол, жаңа өзгерістердің бастауы, кемел келешекке жасалған нық қадам!
Білім – ұлттың іргетасы. Ал келешек мектеп – сол іргетасты мығым ететін берік негіз! Жаңа білім – жаңа мүмкіндіктің жарқын жолы!
Жаңа мектепте жарқын болашаққа қадам жаса! Біз Сіздерді күтеміз!




(Мұнда ерекше балалар үшін де жағдай жасалған. Лифт, пандустар салынған, арнайы көрсеткіштер қойылып, психолог, дефектолог, логопед кабинеттері жұмыс істейді)
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив