Бүгін мектебімізде психология кафедрасының «Психологиялық саулық – бақытты өмір негізі» атты апталығының ашылу салтанаты жоғары деңгейде өтті. » «№221 жалпы білім беретін мектеп»
«№221 жалпы білім беретін мектеп» » Оқушыларға » Бүгін мектебімізде психология кафедрасының «Психологиялық саулық – бақытты өмір негізі» атты апталығының ашылу салтанаты жоғары деңгейде өтті.
Бүгін мектебімізде психология кафедрасының «Психологиялық саулық – бақытты өмір негізі» атты апталығының ашылу салтанаты жоғары деңгейде өтті.
Бүгін мектебімізде психология кафедрасының «Психологиялық саулық – бақытты өмір негізі» атты апталығының ашылу салтанаты жоғары деңгейде өтті. Шараның негізгі мақсаты – оқушылардың эмоционалды саулығын нығайту, жағымды көңіл күй қалыптастыру және психологиялық мәдениетті дамыту. Апталықтың ашылуында түрлі сергіту ойындары ұйымдастырылып, оқушылар белсенділік танытты. Әсіресе «Жылы құшақ» ойыны оқушылардың бір-біріне деген мейірімін арттырып, достық қарым-қатынасты күшейтуге ықпал етті. Сонымен қатар, оқушылар түрлі эмоцияларды бейнелейтін суреттер салып, арнайы тақтаға жылы лебіздер мен ізгі тілектерін жазды. Бұл әрекеттер балалардың ішкі сезімдерін еркін білдіруіне мүмкіндік беріп, өзара қолдау атмосферасын қалыптастырды.
Апталық барысында оқушыларды психологиялық қолдау, өз-өзіне сенімділікті арттыру және жағымды ойлау дағдыларын дамытуға бағытталған іс-шаралар жалғасатын болады.