Мектебіміздің сенсорлы кабинеті » «№221 жалпы білім беретін мектеп»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№221 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(707) 502-71-46
Ұялы телефон:
+7(707) 502-71-46
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектебіміздің сенсорлы кабинеті
17
қаңтар
2026

Мектебіміздің сенсорлы кабинеті


Мектебіміздің сенсорлы кабинеті

Мектебімізде оқушылардың психоэмоциялық жағдайын жақсартуға, танымдық және сенсорлық дамуын қолдауға бағытталған заманауи сенсорлы кабинет бар.

Сенсорлы кабинет – балалардың жүйке жүйесін тыныштандыруға, күйзеліс деңгейін төмендетуге, зейінін, ұсақ моторикасын және сезім мүшелерін дамытуға арналған арнайы орта. Кабинет мүмкіндігі шектеулі балалармен қатар, барлық оқушыларға коррекциялық-дамыту жұмыстары үшін қолжетімді.

Кабинет кинетикалық құммен жабдықталған. Бұл құрал балалардың шығармашылық қабілетін арттырып, қол моторикасын дамытуға, ішкі мазасыздықты азайтуға көмектеседі.
Сонымен қатар, тактильді жолақтар арқылы балалар әртүрлі текстураларды сезініп, аяқ арқылы массаж жасап, тепе-теңдік пен сенсорлық қабылдауды дамыта алады.
Кабинетте орнатылған фиброоптикалық кілем мен тунель визуалды және тактильді әсер беріп, релаксацияға, эмоциялық тұрақтануға және жағымды көңіл күй қалыптастыруға ықпал етеді.

Сенсорлы кабинеттің жұмысы мектеп психологының жетекшілігімен жүргізіліп, оқушылардың жан-жақты дамуына, мектептегі жайлы психологиялық ортаны қалыптастыруға бағытталған.

Бұл кабинет – баланың жан дүниесін түсінуге, қолдауға және дамытуға арналған маңызды қадам.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив