04
наурыз
2026
Бүгін мектебімізде бастауыш сыныптар бойынша қалалық семинар өтті.
Семинарда «Төрт мезгіл – төрт зертхана” STEM маусымдық зерттеулер өтілді. 4-сынып оқушылары өз жобаларын қорғады. Бұл жоба жұмыстары оқушылардың зерттеушілік қабілетін дамытып, табиғат құбылыстарын ғылыми тұрғыда түсіндіруге бағытталды.
Оқушылар жыл мезгілдеріне байланысты түрлі макеттер дайындап, әр маусымның ерекшеліктерін көрсетті. Қыс, көктем, жаз, күз мезгілдерінің табиғи құбылыстарымен тәжірибе арқылы түсіндірілді.
Әр топ өз макетін таныстырып, табиғи құбылыстардың пайда болу себептерін ғылыми тілде дәлелдеп берді. Оқушылардың шығармашылығы, ізденісі мен белсенділігі ерекше байқалды.
Аталған іс-шараның ұйымдастырушылары — Өтегенова Ақмарал, Мырзахан Айнұр, Бекболат Бота, Жұмаш Айдана. Ұйымдастырушылардың бірлескен еңбегінің нәтижесінде жоба қорғау жоғары деңгейде өтті.
Мұндай жұмыстар оқушылардың білімін тереңдетіп қана қоймай, олардың зерттеушілік, шығармашылық және топпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастырады. «Төрт мезгіл – төрт зертхана STEM маусымдық зертхана» жобасы оқушылар үшін пайдалы әрі әсерлі тәжірибе болды. 🌿