02
ақпан
2026
“Ұшқан ұя” – ұлттық тәрбиенің алтын діңгегі.
“Ұшқан ұя” – ұлттық тәрбиенің алтын діңгегі. Бұл кітап – ұлттық тәрбие мен рухани құндылықтарды тереңнен көрсететін баға жетпес мұра. Шығармада автор өз балалық шағын, ата-анасының тағылымды тәрбиесін, қазақ халқының XIX-XX ғасырдағы тұрмыс-тіршілігін шебер суреттейді. Бүгін сынып сағатының он минутын оқушылармен бірге кітап оқуға арнадық. Повестің басты кейіпкерлерінің бірі – жұрт Момыш деп атап кеткен Бауыржанның әкесі Момыналы туралы бір үзік сыр шерттік, оқушылар оқыған үзіндіден алған әсерлерін өзара талқыға салды. «Ұшқан ұядағы” әке образы – автордың өмірлік мектебі, рухани ұстазы. Бұл образ арқылы жазушы нағыз әкенің рөлі – ұрпаққа дұрыс бағыт беру екенін көрсетеді. Бірге кітап оқуды жалғастырамыз....