29
қаңтар
2026
«Кітап – көңілдің кілті»
«Кітап – көңілдің кілті», ал көңіл қашан ашық болмақ, әрине кітапты көп оқыған кезде...
Олай болса, барша мектеп оқушылары мен ұстаздарын кітап оқуға, оқыған кітапты көңілге тоқуға шақырамыз.
Мектебімізде «Кітап оқитын ұлт» бағдарламасының аясында кітап оқуға құмар оқырмандар үшін екі жоба ұсынып отырмыз!
Оған барлық оқушылар мен ұстаздар, ата-аналар қатыса алады.
Мақсаты: оқушыларды кітап оқуға дағдыландыру, оқу мәдениетін қалыптастыру, ұстаз – ата-ана – оқушы болып ұжымдасқан түрде ең көп кітап оқитын мектеп атану.
Жоба ережелерін сақтаған оқырмандарды жүлделі сыйлықтар күтеді.
Кітап — сенің досың, ақылды серігің. Күніне 15 минут кітап оқы — болашағың жарқын болсын! Әр оқылған бет — жаңа білім, жаңа мүмкіндік. Кітап беттерінде қызық оқиғалар, батыр кейіпкерлер мен ғажайып әлемдер бар. Кітап оқы — қиялыңды дамыт, біліміңді арттыр!
Кітап оқу — жақсы әдет. Жақсы әдет — жарқын болашақ, білімге бастар жол кітаптан басталады! Ендеше, бірге кітап оқиық, ІСКЕ СӘТ!!