23
қаңтар
2026
Бүгін 5 “Д” сынып оқушыларымен балалардың шығармашылық қабілеті мен қиялын дамыту мақсатында қызықты психологиялық-шығармашылық ойын ұйымдастырылды
Бұл кімнің көзі?👀
Бүгін 5 “Д” сынып оқушыларымен балалардың шығармашылық қабілеті мен қиялын дамыту мақсатында қызықты психологиялық-шығармашылық ойын ұйымдастырылды. Ойын барысында әрбір балаға ақ қағаз бетіне салынған тек көздің бейнесі ұсынылды. Балалардың міндеті – осы көзді өз қиялына сүйене отырып әрі қарай жалғастырып, оның кімнің көзі немесе ненің көзі екенін анықтап, толық суретке айналдыру болды.
Ойын баланың жеке ерекшелігін ашуға, ойлау икемділігін арттыруға және шығармашылық белсенділігін қолдауға үлкен ықпал етті. Шараға қатысқан балалар тапсырманы қызығушылықпен орындап, әрқайсысы бір-біріне ұқсамайтын ерекше жұмыстар ұсынды.