02
желтоқсан
2025
Театр — адамды тәрбиелейтін, тілін дамытатын, қиялын байытатын үлкен өнер, рухани тәрбие мектебі. Бүгін мектебімізде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Тұрыс Бекжан мен Толғанбай Жалғас қонақта болды.
Театр — адамды тәрбиелейтін, тілін дамытатын, қиялын байытатын үлкен өнер, рухани тәрбие мектебі. Бүгін мектебімізде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Тұрыс Бекжан мен Толғанбай Жалғас қонақта болды. «Театр мен тұлға» тақырыбында өткен бұл кездесуде театр және кино әлеміне саяхат жасалды, өнер деген құдыреттің қыр-сырына қанық болдық, тамаша бір танымдық әрі рухани тағылым алдық. Кездесудің мақсаты - оқушылардың өнерге қызығушылығын арттыру, шабыт беру, өз армандарын жүзеге асыруға, қабілеттерін дамытуға ынталандыру, тұлғалық үлгі көрсету. Танымал тұлғалармен жүздесіп, сырлы сұқбат құрып, сүбелі сөздің сырын ақтаратын бүгінгі кездесудің берері мол деп білеміз.