05
желтоқсан
2025
Бүгін мектебімізде “Жаратылыстану” бірлестігі онкүндігі аясында география пәні мұғалімі Оспанова Анар Қуанбекқызы 8 “Б” сыныбына “Көлдер мен мұздықтар тақырыбына” ашық сабақ өткізді
Бүгін мектебімізде “Жаратылыстану” бірлестігі онкүндігі аясында география пәні мұғалімі Оспанова Анар Қуанбекқызы 8 “Б” сыныбына “Көлдер мен мұздықтар тақырыбына” ашық сабақ өткізді. Сабақтың негізгі мақсаты – оқушылардың, пәнге деген қызығушылығын арттыру және заманауи әдіс-тәсілдер арқылы оқыту үдерісін көрсету болды.
Сабақ барысында оқушылар белсенділік танытып, жұптық және топтық жұмыстарға зор ынтамен қатысты.
Ашық сабақтың атмосферасы жағымды, ынтымақтастыққа толы болды. Қатысқан әріптестер тарапынан сабаққа оң баға берілді. Жалпы, сабақ өз мақсатына толық жетіп, оқушылардың белсенділігі жоғары деңгейде бағаланды.