24
қараша
2025
«ТОҒЫЗ ТОСҚАУЫЛ» атты танымдық-интеллектуалдық білім сайысы өтті.
Бүгін №221 мектепте Наурызбай ауданы мектебінің оқушылары арасында қазақ халқының салт-дәстүріне, әдет-ғұрыптарына деген құрметін арттыру және білімді де білікті оқушылардың шығармашылықтарын насихаттау, өзге оқушыларға үлгі ету мақсатында «ТОҒЫЗ ТОСҚАУЫЛ» атты танымдық-интеллектуалдық білім сайысы өтті. «Адал азамат» Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ұйымдастырылған байқау 8-10 сынып оқушылары арасында өтіп, онда аудан мектептерінен келген 15 командалық топ бақ сынады. Байқау нәтижесі бойынша жүлделі орындар мен номинациялар беріліп, барлық қатысушылар белсенділік танытқаны үшін мақтау қағаздарымен және сыйлықтармен марапатталды. Қалаға жолдама алған №174 мектеп оқушыларынан құралған «.......» командасына сәттілік тілейміз.
Қазылардың шешімімен байқау қорытындысы бойынша
1-орын - №174 МГ “Самұрық” тобы
2-орын - №214 ЖББМ “Алаш”тобы, №176 “Алау” тобы
3-орын - №221 ЖББМ “ Keleshek” тобы, №206 “Тұмар”тобы, №192 “Абадандар” тобы
ие болды. Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!