03
қараша
2025
Республика күні қарсаңында салтанатты ашылуын жасаған №221 ЖББМ II тоқсанның алғашқы күнінде шәкірттерге білім беруді қарқынды түрде бастап кетті. Жаңа мектепке асыға келген балалардың жүзінде қуаныш пен шаттық қатар есіп тұрды.
Бүгін мектебіміз өзінің алғашқы шәкірттеріне есігін айқара ашты.Республика күні қарсаңында салтанатты ашылуын жасаған №221 ЖББМ II тоқсанның алғашқы күнінде шәкірттерге білім беруді қарқынды түрде бастап кетті. Жаңа мектепке асыға келген балалардың жүзінде қуаныш пен шаттық қатар есіп тұрды. Алғашқы жиында мемлекеттік Әнұран айтылып, мектеп басшысы А.М Маликова шәкірттерге құттықтау сөзін арнап, оқу жылына сәттілік пен жетістіктер тіледі. Мектептің имиджін жаңартуға және оның мәдени-тарихи мұрасын ескеретін, жеке ерекшеліктерін бекітуге ықпал ететін жеке әнұраны айтылып, оқушылар мақтанышпен әрі ықыласпен мектепке қадам басты. Балаларды қарсы алған жасанды интеллект саласындағы білімін тереңдетуге мүмкіндік беретін роботтар мен мектеп маскоты балаларды ерекше қызықтырды. «Келешек мектептері» – көп нысанның бірі ғана емес, біздің Қазақстанның болашағына құйып отырған инвестиция. Өйткені, білім беру – дамыған әрі гүлденген қоғам қалыптастырудың алғы шарты. Біз әр баланың ертеңі мен бойындағы қабілеттеріне сенім артамыз. Жаңа мектебіміз оң өзгерістер әкелетін жаңа көшбасшылар мен новаторларды қалыптастыратын қара шаңыраққа айналады деп сенеміз.