Мектебіміздің сенсорлы кабинеті
Мектебіміздің сенсорлы кабинеті Мектебімізде оқушылардың психоэмоциялық жағдайын жақсартуға, танымдық және сенсорлық дамуын қолдауға бағытталған заманауи сенсорлы кабинет бар. Сенсорлы кабинет – балалардың жүйке жүйесін тыныштандыруға, күйзеліс деңгейін төмендетуге, зейінін, ұсақ моторикасын және сезім мүшелерін дамытуға арналған арнайы орта. Кабинет мүмкіндігі шектеулі балалармен қатар, барлық оқушыларға коррекциялық-дамыту жұмыстары үшін қолжетімді. Кабинет кинетикалық құммен жабдықталған.