23
қаңтар
2026
“Ұшқыр ой алаңы” жобасы
“Ұшқыр ой алаңы” жобасы аясында #221 жалпы білім беретін мектептің 7-8 сынып оқушылары арасында дебат сайысы өткізілді.
Ойынға жалпы 8 команда қатысып, 2 кезеңге 8 сынып оқушыларынан құралған “Қара жасқыштар”, “Шуақ”, “Аргумент” командалары, және 7 сынып оқушыларынан құралған “Қайрат” командасы өтті.
4 команда арасында тартысты сайыс өтіп, финалдық кезеңге “Қара жасқыштар” және “Аргумент” командалары жолдама алды.
Ойын нәтижесі бойынша
Қара жасқыштар - 1 орын,
Аргумент - 2 орын,
Шуақ және Қайрат командалары - 3 орынды иеленді.
Командаларды дипломмен марапаттап, ынталандыру сыйлықтары табысталды