24
желтоқсан
2025
Қарапайым Жұмысшыларды Құттықтау
#ҚарапайымЖұмысшылардыҚұттықтау
челленджі
Күн сайын қаламыздың тазалығын сақтап,
тапсырысымызды жеткізіп, қауіпсіздігімізді күзетіп
жүрген жандар бар. Олар — көп жағдайда көзге
көрінбейтін, бірақ қоғам үшін аса маңызды еңбек
етіп жүрген қарапайым жұмысшылар.
Жыл бойы тынымсыз еңбек еткен осы жандарға
алғыс айту үшін шағын қадам жасайық.
Кеше немесе бүгін кездескен қала тазалығын
қамтамасыз етіп жүрген қызметкерге, тігінші,немесе күзетшіге жылы сөз айтып,
шағын сыйлық тарту етейік.