05
қаңтар
2026
Мектебімізде 1–4 сынып оқушыларына арналған Жаңа жылдық мерекелік кеш жоғары деңгейде өтті 🎄✨
Мектебімізде 1–4 сынып оқушыларына арналған Жаңа жылдық мерекелік кеш жоғары деңгейде өтті 🎄✨
Кеш барысында мектеп ұжымы аниматорлық киім киіп, бүлдіршіндердің көңілінен шығуға барын салды. Жасанды қар жауып, ертегі әлеміндей әсер сыйлаған бұл мереке балалар үшін ұмытылмас сәттерге толы болды ❄️😊
Кішкентай оқушылардың жүзіндегі шаттық пен күлкі – ұстаздарымыздың еңбегінің айқын көрінісі. Осындай керемет мерекені ұйымдастырып, балаларға ерекше көңіл күй сыйлаған барша қызмет еткен ұстаздарымызға үлкен алғысымызды білдіреміз!
Жаңа жыл әр шаңыраққа қуаныш, береке және сәттілік әкелсін 🎁🎉