---
Бүгін қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің бірлестігі болып,
Бүгін қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің бірлестігі болып, сенбілікке белсенді түрде атсалыстық. Тазалық – әрбір адамның ішкі мәдениетінің айнасы. Айналамызды көркейтіп, табиғатқа қамқорлық жасау – бәрімізге ортақ міндет. Бірлік пен ұйымшылдықтың арқасында ауламызды тазалап, әдемі күйге келтірдік ✨ Осындай игі істер арқылы шәкірттерімізге үлгі болу – біздің басты мақсатымыз.