17
желтоқсан
2025
✨ «Менің Қазақстаным!» әдеби-патриоттық кеші
✨ «Менің Қазақстаным!» әдеби-патриоттық кеші
Бүгін №221 мектеп кітапханасында ҚР Мемлекеттік гимнінің мәтінін жазған ақын Жұмекен Нәжімеденовтың 90 жылдығына арналған тағылымды шара өтті.
📚 Кітап көрмесі ұйымдастырылып, ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған бейнематериал көрсетілді.
🎤 Іс-шараны жүргізуші ретінде Қазақстан Жазушылар кітапханасының қызметкері Бектұрсын Айдос қатысып, мазмұнды ақпаратпен бөлісті.
🎞 «Жұмекен Нәжімеденовтың әдеби әлемі» атты слайдта ақынның өмірбаяны, шығармалары және «Менің Қазақстаным» гимні туралы мағлұматтар ұсынылды.
🎶 Шараны 7-сынып оқушысы Кәрімұлы Нұрәділеттің орындауындағы Құрманғазының «Адай» күйі көркейте түсті.
🖋 Құрметті қонақ – жазушы, драматург, «Алтын қалам» жүлдесінің иегері Нұрлан Ізғалиұлы Қами оқушыларға ерекше шабыт сыйлады.